«Әйтеке би, қазақтың белгілі тұлғасы»
08.12.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасында барлық оқырмандар тобына арнап, белгілі қазақтың бір туар тұлғасы Әйтеке биге 380- жыл толуына орай «Әйтеке би, қазақтың белгілі тұлғасы» атты тарихи сағаты өткізілді.
Кітапханашы: Әйтеке бидің өмірі мен шығармашылығы туралы таоихи сағат барысында оқырмандарға айтып таныстырды.
Әйтеке би Бәйбекұлы (1644-1700жж.) -Тәуке хан ( билік құрған жылдары 1680-1718жж.) тұсында Хан Кеңесінің құрамына кірген, «Орда биі», қазақтың аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ол Төле би, Қаз дауысты Қазбек би сияқты ірі жеті бидің қатарында орталықтандырылған қазақ хандығының құқықтық заңдарының жинағы «Жеті Жарғыны» құрастырушылардың бірі болды.
Әйтеке би қазақ мемлекеттілігінің орнығуына, сонымен қатар жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы «Ақтабан шұбырынды» болған Ұлы апатты кезеңдерде тиімді және тәуелсіз сыртқы саясатты қалыптастыруға зор ықпал етті.
Қазақстанда әр аймақта және қалаларда оның атымен көшелер аталып, ескерткіштер қойылған. Университеттерінде «Жеті Жарғыны» және қазақтың заң шығарушы билері Төле би, Қаз дауысты Қазбек би мен Әйтеке билердің қайраткерлігін оқып үйренуге зор көңіл аударылған. Оның есімі ар, намыс пен әділеттіліктің бейнесіне айналды.
2003- жылы Әйтеке биге арналған Қазақстанның пошта маркасы шығарылды.
Мақсаты: барлық оқырмандарға, Әйтеке бидің қандай, әділ би болғандығы туралы айтып жеткізу.