«Кітап — балалардың ең жақын досы»
03.04.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасы Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында «Кітап — балалардың ең жақын досы» атты кітапханалық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту, сөйлеуді дамыту, оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітапты білім көзі және жағымды демалыс ретінде таныту.Бұл іс-шара оқырмандарды ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, эпостар сияқты әртүрлі балалар әдебиетімен таныстырды. Іс-шарада балалар сүйікті кітаптарымен қызықты саяхат жасап, өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгіме айтты. Сондай-ақ, балалар «сүйікті кітаптардың кейіпкерлері» атты әдеби викторинасына қатысты, жауап бере алмаған жағдайда, кітап көрмесіне жүгінді. Кітап сапарының соңында әркім өзі үшін қызықты оқу кітабын таңдады («ізденімпаздар» клубы).