Оқиғалар мен іс-шаралар

«Кітап лабиринттеріне саяхат»

19.07.2023ж. Борисовка ауылдық кітапханасында 7-10 жастағы оқырмандармен жазғы оқу және демалыс бағдарламасы аясында «Кітап лабиринттеріне саяхат» атты ойын бағдарламасы өткізілді.
Мақсаты: балалардың қызығушылығын дамыту; сөздік қорын байыту, оқуға деген сүйіспеншілік пен кітаптарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Кітапханашы оқырмандарды кітапханадағы тәртіп ережелерімен таныстырды. Кітап әлеміне саяхат жасай отырып, балалар «Жұмбақтар», «Ертегілер», «Көңілді ойындар», «Махаббат пен мейірімділік» станцияларына барды. Сондай-ақ, кітапханада балаларға арналған «Жазымызды кітаппен өткізейік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»