Оқиғалар мен іс-шаралар

«Кітаптарды жөндейміз»

17.05.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасы үйірме жұмысы аясында «Кітаптарды жөндейміз» атты кітапханалық акциясын өткізді. («Шебер қаламдар» үйірмесі). Акцияның мақсаттары мен міндеттері: балаларды кітапқа ұқыпты қарауды қалыптастыру; кітаптарды жөндеу бойынша практикалық дағдыларға үйрету, игі істер жасауға ұмтылуға тәрбиелеу. Балалар кітаптарын ретке келтірді, беттерді жапсырды, жаңа мұқабалар жасады, әр кітапқа тиісті көңіл бөлді. Балалардың қолымен 30-дан астам балалар кітабы жөнделді. Қатысқандардың барлығы жарайсыңдар!

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»