«Конституция – тәуелсіздік кепілі»
29.08.2024 жылы Покровка ауылдық кітапханасымен ҚР Конституциясы күніне арналған «Конституция – тәуелсіздік кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да құқықтық құжаттармен танысу, қоғамға жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Қатысушылар ҚР Конституциясының тарихи факторлары және ҚР Бірінші Конституциясының қабылдануы, сондай-ақ 1995 жылғы ҚР Конституциясының әзірленуі мен қабылдануы туралы ақпаратты тыңдады. Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі бөлімдерін ашуға және талқылауға көп көңіл бөлінді. Қатысушылар ҚР Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулармен танысты. Кітапханада «Ата заң – алтың арқау» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.