«Конституция — жаңа дәуірдің бастауы»
26.08.2021 ж. І.Есенберлин атындағы Орталық аудандық кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай (1991-1921 ж.ж) «Конституция — жаңа дәуірдің бастауы» тақырыбында әңгіме — сұхбат ұйымдастырды. Кітапханашы Г. Кусаинова іс шараға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, мерекенің құрылу тарихын айтып берді. Біздің елімізде көптеген заңдар бар, бірақ біздің мемлекетіміздің басты заңы, біз өмір сүретін негізгі ережелер Конституцияда жазылған. Елдің Негізгі Заңына Құрмет белгісі ретінде «Конституция» сөзі бас әріппен жазылады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы — елімнің бейбітшілік пен келісімінің негізі » атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: ҚР Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.