Кездесу орны. Оқырмандар клубтары.

«Әлемдегі ең жақсы қала» және «ЭКО білім»

2023 жылдың 5 шілдесінде Орталық аудандық балалар кітапханасы «Лутошкиндар отбасы» бастамашыл тобымен бірлесіп, тұрақты оқырмандармен Қазақстан Республикасының Астана күніне орай «Әлемдегі ең жақсы қала» және «ЭКО білім» жобасы атты ойын-сауық кешін өткізді.
Мақсаты: оқырмандарды патриоттық сезімге, өз Отанына және оның тарихи өткеніне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, отансүйгіштікке және туған табиғатқа адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Жүргізушілер Астана қаласының тарихымен және оның көрікті жерлерімен таныстырды, «Ойлы болсаң – озып көр» атты викторина және әр-түрлі ойындар ойнатты. Балалар Астана күніне арналған өлең шумақтарын оқыды.
Іс-шара соңында балаларға тәтті шәй мен сыйлықтар берілді, сондай-ақ «Туған күніңмен — Астана» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»