Оқиғалар мен іс-шаралар

Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

23.08. 2021 жылы қалалық кітапханада Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Ұлы Сөз шебері» атты шығармашылық кеш өткізілді.
Сонымен қатар, көрме безендіріліп, онда барлық топтардың оқырмандары белгілі қазақ совет ақынының шығармашылығы мен әдебиетімен танысты.

Жамбыл-әдебиет тарихындағы ерекше құбылыстардың бірі. Жүз жылдықты қамтыған Ж.Жабаевтың өмірі бір мақсатқа – туған халқының мүдделеріне қызмет етуге бағындырылды, оның жадында ұлы ақын «ХХ ғасырдың Гомері», сөздің үздік шебері болып мәңгі қалады.

Бұл іс-шараның мақсаты: балаларды Жамбыл Жабаевтың әлемімен, оның ақындық дарынымен, өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, қазақ көркем әдебиетін насихаттау, жас ұрпаққа дұрыс адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, поэзияға деген қызығушылықты қалыптастыру.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»