Оқиғалар мен іс-шаралар
«Мұны әркім білуге тиіс!»
10 тамызда Орталық аудандық балалар кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері» бағыты бойынша «Мұны әркім білуге тиіс!» атты бейнеролик жариялады. Аталған бейнероликтің мақсаты балалар мен олардың ата-аналарын Бала құқықтары туралы Конвенцияның мазмұнымен таныстыру болып табылады. Сондай-ақ адам құқықтары мен құқық туралы қарапайым білімді адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші ретінде қалыптастыру болып табылады.