Оқиғалар мен іс-шаралар

«Мамандықтар әлемі»

14.05.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасында әртүрлі жастағы оқырмандармен «Мамандықтар әлемі» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды әртүрлі мамандықтармен таныстыру. Болашақ мамандықты таңдауға көмектесу. Жоғары сынып балалары қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтармен танысты. Талапкерлерге көмектесу үшін, кәсіптік бағдар таңдағанда, колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу үшін буклеттер дайындалып, таратылды. Сондай-ақ, кітапханада оқырмандардың барлық топтары үшін «Мамандықтар әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»