«Мен және менің құқықтарым»
29.07.24 ж. Орталық аудандық кітапханада «Мен және менің құқықтарым» атты құқықтық сағаты өтті,сондай-ақ, «Лутошкиндер отбасы» бастамашыл тобымен бірлесіп, «Шаңырақ»еріктілер жобасы аясында балалардың тұрмыстық жарақат алу қаупін азайту бойынша отбасылық іс-шара өткізілді. Іс-шараға қалалық мектептерден 15 отбасы, ТЖБ, АМБ (аурухана) қызметкерлері, Білім бөлімі, Мәдениет бөлімі, еріктілер қатысты. Әр отбасына сыйлық ретінде үстел ойыны мен су бөтелкесі берілді. Кітапханашы балалар мен ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді. Шақырылғандар викторинаға қатысты. «Құқығым бар!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында шай кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-көше қозғалысы ережелерін білу, табиғатта өзін қалай ұстау керек, сонымен қатар күнделікті өмірдегі қауіпсіздік кодексімен танысу.