Оқиғалар мен іс-шаралар
«Менің сөзім-менің айнам»
24.06.2024 ж. Орталық аудандық балалар кітапханасы №8 ЖББМ 5-сынып оқушыларына арналған «Менің сөзім-менің айнам» атты балағат сөз мәселесіне арналған әңгіме өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың балағат сөздерді қолдануының алдын алу, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру. Кітапханашы қазіргі заманның ең өзекті мәселесі, балағат сөздердің зияны туралы айтты. Алынған ақпарат балаларды ойландырып, жаман сөздің денсаулығымызға тигізетін зиянын ұғынды. Шара соңында оқушыларға мүмкіндігінше көп оқып, сөздіктерді пайдалану ұсынылды.