Оқиғалар мен іс-шаралар

«Наурыз — бірліктің бастауы»

20.03. 24 ж. Ілияс Есенберлин атындағы Орталық аудандық кітапхана АИК студенттері, «Даналық» және «Балкадиша» үйірмелерінің қатысушылары үшін «Наурыз — бірліктің бастауы» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру. Халық шығармашылығына, оның әртүрлі жанрларына, стильдеріне қызығушылықты ояту және дамыту, халық фольклоры туралы білімдерін кеңейту.
Жадыра Қанжарбайдың орындауында музыкалық композициялар , Зарина Жүсібектің орындауында әдемі әндер шырқалды. Колледж студенттерін тарта отырып, «Неке қию» рәсімі көрсетілді. «ОКЖ» КММ директоры Ж.К. Қожахметов «Даналық» үйірмесі қатысушыларын, кітапхана әріптестерін мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Барлық қонақтар «Наурыз көже» және қымыздан дәм татты.
Іс-шара соңында естелік фотосурет түсірілді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»