Оқиғалар мен іс-шаралар

Наурыз – көктем мен жасампаздық мерекесі»

2024 жылдың 19 наурызында Мариновка ауылдық балалар кітапханасында «Наурыз – көктем мен жасампаздық мерекесі» атты мерекелік жиын өтті, оған ән-күй мектебінің оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың Наурыз мейрамы туралы білімдерін бекіту, балалардың ой-өрісін кеңейту, өз елінің салт-дәстүріне қызығушылық пен құрметпен қарауға тәрбиелеу, ежелгі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер халқының рухани өмірін бейнелейтіні туралы түсінік беру.
Кітапханашылар Наурыз мейрамы Шығыс халықтарының ең көне мерекесі, Наурыз мейрамы көктемгі жаңару мерекесі екенін айтты. Сондай-ақ, балаларға мерекелік дастарханның әр үйде берілетіні айтылды. Астың алдында және кейін ата-бабалар рухына дұға бағышталып, жасы үлкені берекелі жылға бата береді. Одан кейін Әже (Жүсіпова Б.И.) балалармен бірге «Бесікке салу» ырымын жасады. Нұрланбек Ақерке мен Бейсенбаева Фатиманың орындауында домбырамен бесік жыры орындалды. Шара соңында қонақтар шайға шақырылды. Шараға орай кітапханада этно бұрыш ұйымдастырылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»