Оқиғалар мен іс-шаралар

«Наурыздың жарқын мерекесі»

Көктем мерекесі — Наурыз қарсаңында І.Есенберлин атындағы Орталық аудандық кітапхана тұрақты келушілер мен «Даналық» және «Балкадиша» клубтарының мүшелері үшін «Наурыздың жарқын мерекесі» музыкалық кешін ұйымдастырды. Кітапхананың акт залы ұлттық стильде безендірілген: кереге, ерлер мен әйелдер қамзолы, қамшы, баламен бесік, самовармен ұлттық тағамдары бар әдемі дастархан, көрпе және т. б. Іс-шараның жүргізушілері кітапхана қызметкерлері Романова С. және Мұстафа Т. қонақтарды құттықтау сөздерімен қарсы алды. Іс-шара барысында музыка, күлкі, қуаныш, әсем әндер шырқалды: Әсия апа, Нұргүл Кенбейілова, Татьяна Савалюк, музыка мектебінің оқушысы Қайрат Тілектесовтің домбырасындағы күй, мерекелік өлеңдер. Әсия Лембаева әсем «Шашу» шашты. Салтанат Сейітқалиева«Наурыз көже» дәмді және хош иісті қымыз дәм таттыртты. Мерекелік дастарханға құрметті қонақтар шақырылып, құттықтаулар мен тілектер айтылды. Құрметті Сұлтан ата «Ат кою» рәсімін өткізді. Ол қасиетті бата берді. «ОКЖ» КММ директоры Ж.К. Қожахметов барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, іс-шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Іс-шара соңында дастархан ұйымдастырылды, онда барлығы дәмді шай мен ұлттық тәттілермен дайындалды.
«Қош келдің Наурыз!» кітап көрмесі безендірілді.
Іс-шараның соңында естелікке фото жасалынды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»