Оқиғалар мен іс-шаралар

«Оқы! Шешімін тап»

27.03.2024 жылы Новомариновка ауылдық кітапханасы Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында «Оқы! Шешімін тап» атты әдеби-ойын бағдарламасы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында оқырмандар сүйікті шығармалары туралы білімдерін ойын түрінде бекітті. Жас оқырмандарды «Жұмбақ конверт», «Әдеби кейіпкерді тап», «Знайка» атты қызықты ойындары күтіп тұрды, олар өздерінің қаншалықты жақсы оқығанын және қандай кітаптарды оқығанды ұнататынын білуге көмектесті. Балалар жақсы көңіл-күйге ие болды және өте риза болды!

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»