Оқиғалар мен іс-шаралар
«Отан — отбасынан басталады»
15.05.2024 жылы
Ярославка ауылдық округінде, ауылдық кітапхана мен АМҮ бірлесе отырып 12 — мамыр Отбасы күніне орай жалпы оқырмандарға арнап «Отан — отбасынан басталады» атты тақырыптық сағаты өткізілді.
Іс шараға, ауылымыздың аға буындары қатысты.
Көдебай ағаның отбасына барып аталған мерекемен құттықтап,естелікке суретке түстік.
Апай мен аға өздері осыдан 53-жыл бұрын отбасы құрғандары туралы айтты және осы күні 8-бала,13-немере, 23-шөбере сүйіп тәрбиелеп өсіргендері туралы айта отырды, ауылда еңбек етіп, осы күні зейнеткерлікке шығып бейнеттерінің, зейнетін көруде.
Мақсаты: отбасылық тәлім тәрбиені ұстау, өсіп кележатқан жас отбасыларға үлгілі тәлім — тәрбие беру, салт- дәстірімізді дәріптеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету.