«Отбасы — махаббат пен шабыт көзі»
Отбасы-ол, Отаным бақ мекені,
Хақ тағала қияды ақ некені.
Отбасы-бір мемлекет шағын ғана,
Одан ұлы елдер де қап кетеді.
20.09.2024 ж. Орталық аудандық балалар кітапханасында «Кітапхана және отбасы» атты жобасы аясында кітапханада» Отбасы — махаббат пен шабыт көзі»атты иллюстрацияланған кітап көрмесі рәсімделді, онда отбасылық психология бойынша кітаптар, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер,салауатты өмір салты бойынша кеңестер мен ұсыныстар алуға болатын танымал классикалық әдебиеттер ұсынылды.
Мақсаты: отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғырту;оқырман қызығушылығын қалыптастыру, отбасында қолайлы қарым-қатынасты нығайту, оқырман қызығушылығы аясында отбасы мүшелерінің жақындасуына ықпал ету; кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту.
Кітапханашы балаларға кітапханада қандай кітаптар оқуға болатынын көрсетті, балалар отбасы шеңберінде оқығысы келетін кітаптарға қызығушылық танытты. Кітапханашы ұсынған кітаптардан балалар отбасылық қатынастар туралы көптеген қызықты нәрселерді біле алады.