«Отбасым -бақытты мекенім»
2024 жылдың 16 қаңтарында Сепе ауылдық кітапханасында «Отбасым -бақытты мекенім» ойын-саяхаты өтті.Отбасындағы қарым-қатынас – балаларымызбен жүргізіп жатқан рухани-адамгершілік тәрбиенің құрамдас бөліктерінің бірі. Бастауыш сынып оқушылары өздерінің және жақын адамдарының болмысын қайта бағалайтын жасқа жақындап келеді. Бұл кезеңде балаларды отбасына, отбасылық құндылықтарға бағыттау, оларға ата-анасынан жақын, қымбатты ешкімнің жоқтығын, көмек пен қорғауды тек өз отбасында іздеу керектігін ұғындыру ерекше маңызды. Кіші мектеп жасында балаларды жанашырлыққа, адамдарға көмектесуге үйрету, өз пікірін ғана емес, басқа адамдардың пікірін де тыңдай білуге үйрету керек. Іс-шараның мақсаты: Жақындары алдындағы борышын сезінетін, құнды адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу.