Оқиғалар мен іс-шаралар

«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық»

25.04.2024 ж. Полтавка ауылдық кітапханасы балалар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу аясында «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандарда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы түсінік қалыптастыру және олардың осы құбылысқа деген көзқарасын анықтау.
Қатысушылар «Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз не, оның түрлері мен салдары» атты шағын дәрісті тыңдады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайындағы мінез-құлықтың негізгі ережелерін талқылады. Қатысушыларға үндемей қалмау керек деген ұсыныс берілді, кез-келген жағдайдан шығудың жолы бар және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында кімдерге жүгіну керек екендігі айтылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»