Оқиғалар мен іс-шаралар
«Прошка досты қалай іздеді»
23.06.2022 ж. Атбасар қаласының Орталық аудандық балалар кітапханасы «Жүз сүйікті балалар кітабы» және «Балалар жылы» жобасы аясында мектеп жанындағы лагерь балаларына интерактивті қуыршақ спектаклін көрсетті. «Теремок» қуыршақ театрында балалар шынайы достық пен шынайы өзара көмек тарихы өрбіген «Прошка досты қалай іздеді» ертегісін қызығушылықпен тамашалады. Балалар досының сеніміне ие болып қана қоймай, оны жоғалтпау керек екенін түсінді, тәрбиелік мағынада кейіпкер — қоян Прошканың қателіктерінен сабақ алды.
Іс — шараның мақсаты-шығармашылық қабілеттерін және қиялын дамыту; балаларға мейірімділік пен өзара түсіністікті тәрбиелеу; достық пен ұжымдық жұмыстың маңыздылығын қалыптастыру.