Оқиғалар мен іс-шаралар
«Республика күні — ұлттық мереке»
22.10.2024 жылы Покровка ауылдық кітапханасымен Қазақстан Республикасының күніне орай «Республика күні — ұлттық мереке» атты кітап көрмесі дайындалды.
Мақсаты: өз Отанына деген патриотизм мен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Көрмеде ел егемендігі тарихының маңызды сәттері туралы баяндайтын және өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейтін әдебиеттер ұсынылған. Көрме оқырмандарды туған өлке туралы кітап оқуға, оның өткенін зерттеуге, бүгінін бағалауға шақырады.