Оқиғалар мен іс-шаралар
«Сенің құқықтарың әлемі»
2024 жылдың 17 қаңтарында Халықаралық адам күні қарсаңына аудандық орталық балалар кітапханасында жоғары сынып оқушылары үшін «Әділ мемлекет» атты ақпарат-минуты өткізілді. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға бұл күннің тарихы туралы, азаматтың негізгі құқықтары туралы және құқықтардан басқа міндеттер бар екенін, олардың сақталуы да маңызды екенін айтты. Іс-шараға байланысты «Сенің құқықтарың әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаттары: Қазақстан заңдарына құрметпен және жауапкершілікпен қарауды дамыту; еліміздің азаматының, мектеп оқушысының құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру; тыңдау және есту қабілетін қалыптастыру, сөйлеу сөзін құрастыру.