Оқиғалар мен іс-шаралар

«Шәкәрімнің ұлы мұрасы»

11.07.2023ж. Борисовка ауылдық кітапханасында әр түрлі жастағы оқырмандармен Ш.Құдайбердиевтің 165 жылдығына арналған «Шәкәрімнің ұлы мұрасы» атты әдеби портрет өткізілді.
Мақсаты: Ш. Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту . Шығармаларға деген қызығушылықты ояту және оның еңбектерімен таныстыру.
Кітапханашы қатысушыларға Шәкәрімнің өмірі арқылы жақсылық, мейірімділік пен әділеттілік мұраттарын алып өткен қиын тағдыры туралы айтып берді. Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыра отырып, кітапханашы Шәкәрімнің шығармалары мазмұны жағынан бай екенін атап өтті. Оларға азаматтық және махаббат лирикасы мен тарихи балладалар кіреді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»