Оқиғалар мен іс-шаралар

«Шүкіршілікте шек жоқ»

01.03.2024 ж. Мариновка ауылдық балалар кітапханасы музыка мектебімен бірлесіп «Шүкіршілікте шек жоқ» атты алғыс сабағын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: ортақ тарих негізінде көпұлтты Қазақстанның біртұтастығын сақтауға және дамытуға үлес қосу, қазақтардың, басқа ұлттардың бір-біріне және де қазақтардың қолдау көрсетуінің арқасында басынан өткен ортақ қиындықтарды еске түсіру.
Кітапханашылар мерекенің тарихына тоқталды. Балалар өлеңдер оқып, берілген әріптерден «БЛАГОДАРЮ» сөзін құрастыру керек болатын сайысқа қатысты. Шараға қосымша ретінде кітап көрмесі дайындалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»