Uncategorized

«Шын жүректен»

Жыл сайын 1 қазан — қарттар күнін атап өту дәстүрге айналды. Бұл мереке барлық қарт адамдарға, үлкен өмірлік тәжірибесі үшін, адал еңбегі үшін, даналығы үшін терең құрмет көрсетуге және жылы сөздер айтуға тамаша мүмкіндік береді.
01.10.2023 ж. Мариновка ауылдық модельдік кітапханасы балалар кітапханасымен және тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп, «Шын жүректен» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: қарт адамдарға құрмет, ілтипат, жанашырлық, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу.
Мерекеде
әндер, құттықтау өлеңдері шырқалды, көңілді сайыстар және викториналар өткізілді,
комсомол жастық шақтары мен кеңестік жылдарды туралы әдеби шығармаларды еске түсірді.
Мерекенің жалғасы шай ішу болды, оның барысында шақырылғандар жағымды сөйлесіп, жас кездерін еске алып, сүйікті әндерін шырқады.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»