Оқиғалар мен іс-шаралар

«Әскерге бару борышымыз»

04.05.2024 жылы Сепе ауылдық кітапханасында Отан қорғаушылар күніне орай «Әскерге бару борышымыз» виртуалды экскурсия өтті.
Біздің арғы аталарымыз, әкелеріміз, ағаларымыз әскерде болып, Отанымызды жаудан қорғады. Ал олардың құрметіне біз Отан қорғаушылар күні деп аталатын тамаша мерекені атап өтеміз.
Бұл шараның мақсаты – балалардың Қазақстан армиясының құрылуы, оның қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерін бекіту. Отан қорғаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Кітапханашы мерекенің қалыптасу тарихын айтып берді, балалар Қазақстан армиясы туралы көптеген қызықты мәліметтерді білді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»