Оқиғалар мен іс-шаралар

«Су- табиғаттың ұлы кереметі»

19.03.2024 жылы Новомариновка ауылдық кітапханасы «Су- табиғаттың ұлы кереметі» атты эко-сағатын өткізді.
Мақсаты: оқырмандарды тұщы су ресурстарын және жалпы су ресурстарын қорғау мен сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар ету.
Балалар мұндай мереке бар екенін білді. Бұл мереке адамдарға жер бетінде таза су көп емес екенін және оны сақтау керек екенін еске салады. Өйткені, су адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға бәріне қажет. Сондықтан әрқайсымыз суды үнемдеуіміз керек. Кітапханашы балаларға жер планетасының су ресурстары туралы әңгімеледі.
Балалар судың не үшін қажет екенін және табиғат онымен байланысты екенін білді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»