«Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу шаралары»
2024 жылдың 8 қарашасында Сепе ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу шаралары» тақырыбында ЖШС қызметкерлері арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама диалог түрінде өтті. Әңгіме барысында сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың мәні талқыланды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері туралы ақпарат алды, үкіметтің онымен күресу шараларымен танысты және осы мәселе бойынша өз пікірлері мен ұстанымдарын білдірді.Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен күрес ұйымдарының байланыс нөмірлері мен ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шараға «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеде Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы материалдар ұсынылды.