Оқиғалар мен іс-шаралар

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»

19.01.2024 жылы Ақан Құрманов ауылдық кітапханасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты ақпараттық буклеттерін дайындады. Мақсаты: тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік жәрдемдесудің құқықтық тетіктері және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайту, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу болып табылады. Буклеттерде отбасындағы зорлық-зомбылық дегеніміз не, себептері, отбасындағы зорлық-зомбылықпен қалай күресуге болатындығы және қайда бару керектігі туралы ақпарат бар. Қазіргі уақытта балаларға қатысты зорлық-зомбылық бұл бүкіл әлемде өзекті мәселе болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»