Оқиғалар мен іс-шаралар

«Табиғат әлеміне саяхат»

07.06.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасында қоршаған орта күніне арналған «Табиғат әлеміне саяхат» атты экологиялық сағаты өткізілді. Мақсаты: экологиялық мәдениетті қалыптастыру; табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту, барлық тіршілікті құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараға 7-10 жастағы балалар қатысты. Іс-шара барысында балалар экологиялық мәселелермен танысты, табиғат пен қоршаған ортаны неге қорғау керектігін талқылады. Сонымен қатар экологиялық викторинаға қатысты. Сондай-ақ кітапханада оқырмандардың барлық топтары үшін «Табиғатты сақта» атты кітап көрмесі дайындалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»