Оқиғалар мен іс-шаралар
«Тарих аясындағы үш таңба»
4.06.2024 ж Мариновка ауылдық үлгілi кітапханасы жасөспірімдер тобымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Тарих аясындағы үш таңба» атты саяси тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерге деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ой-өрісін кеңейту. Еліміздегі халықтардың тарихи өткені мен дәстүріне құрметпен және ұқыптылықпен қарауды, сондай-ақ патриоттық және өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі – өз Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына ие болу екенін айтты.