«Тіл — адам жанының кілті»
09.09.2024 жылы Покровка ауылдық кітапханасымен Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Тіл — адам жанының кілті» атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Мақсаты: ана тіліне және Қазақстан халқының басқа да тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты дағдыландыру.
Іс-шараны ҚР Әнұранын орындап ашты. Жүргізуші Г. В. Зуева қатысушыларды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтады. Кратце балаларға Қазақстан халқының тілдер күнін атап өту және әрбір халық үшін ана тілінің маңызы туралы айтып берді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылды. Балалар викторинаға, конкурстар мен ойындарға белсенді қатысты. Іс – шараға «Тіл-достық көпірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдеріндегі кітаптар ұсынылды.