Оқиғалар мен іс-шаралар

«Тіл — халықтың жаны»

11.09.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасында 14-16 жас аралығындағы балалармен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл — халықтың жаны» әдеби калейдоскопы өтті. Іс-шара барысында балалар бір-бірімен әр түрлі тілде амандасты. Содан кейін балалар әдеби викторинаға және тілдерді білу конкурстарына қатысты. Сондай-ақ кітапханада «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ана тілін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы екендігімен таныстыру. Әр түрлі ұлттардың тілдері, дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»