Оқиғалар мен іс-шаралар

«Тіл — халық жанының кілті»

08.09.2021 жылы Сочинское ауылдық кітапханасында барлық топтардың оқырмандары үшін онлайн режимде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл — халық жанының кілті» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты тіл, түрлі ұлттардың дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге деген ұмтылысты қалыптастыру, ана тілі мен өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Кітапхананың тұрақты оқырмандары қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды.

facebook

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»