Оқиғалар мен іс-шаралар
«Тіл тағдыры — халық тағдыры»
11.09.2024 ж. Ақан Құрманов ауылдық кітапханасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл тағдыры — халық тағдыры»атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: әр түрлі ұлттардың тілдері, дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру.
Кітапханашы оқушыларға Қазақстан халықтарының Тілдері күні біздің көпұлтты елімізде тұратын халықтар достығының мерекесі болып табылатыны туралы айтып берді.