Оқиғалар мен іс-шаралар

Тілдер күні

      Тілдер күні-барлық қазақстандықтардың достығының, туыстық және бірлігінің белгісі, ал халықтар арасындағы достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық — мемлекеттік құрылыстың басты тірегі.

     Жыл сайын Атбасар ОКЖ кітапханашылары Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған мәдени-ағартушылық, бос уақытты бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырады. Атбасар ОКЖ қызметкерлері тілдер онкүндігіне белсенді қатысты.

     Осы кезеңде түрлі көрмелер рәсімделді:

* «Тіл — барлық білімнің кілті» онлайн — көрмесі. Атбасар АОБК,

* «Тіл адам жанының кілті» көрме-диалогы. Мариновка ауылдық үлгілі кітапханасы.

* «Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі» кітап көрмесі.

* «Ана тіліңді мақтан ет» көрме — шолуы.

    Сондай-ақ өткізілген іс-шаралар:

* » Тіл-халықтың тірі жаны» ауызша журнал. Қалалық кітапхана.

* «Ана тілін білу, бағалау және құрметтеу» викторина.  Ново-Мариновка ауылдық кітапханасы.

* «Халықтың жаны оның тілінде» презентация кеші. Новосельскі ауылдық кітапханасы.

* «Қазақстан халқының тілдер күні» достық сағаты. Покровка ауылдық кітапханасы.

* «Әр халықтың тілі әдемі және керемет!» мәнерлеп оқу сайысы. Полтава ауылдық кітапханасы.

     Онкүндікті қорытындылай келе, кітапхана оқырмандары этностардың мәдениетіне қосылуға, Ұлы Абайдың: «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып көңлін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ» деген толғауынан жалпы тілге, әсіресе ана тілге деген барша ыстық ықылас, ой-жігерді анық та айқын көреміз.

 Жинақтау және өңдеу бөлімінің редактары Рыбалко И.Н

 

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»