Оқиғалар мен іс-шаралар

«Өткен күндерге көз салу»

15.01.2024 жылы Тимашёвка ауылдық кітапханасы жалпы оқырмандарға арнап Түркістан автономиясын құруға атсалысқан журналист,қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі Болғанбаев Қайретдин Әбдірахманұлының туғанына 130 жыл толуына орай «Өткен күндерге көз салу» атты рухани сағат өткізілді.
Кітапханашы; оқырмандарға Қайретдин Әбдірахманұлының өмірбаяны мен шығармашылығын айтып таныстырды.
Қайретдин Әдірахманұлы Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан болған.
Орынбор қаласындағы «Хұсния» медресесінде оқып жүрген кезінде «Қазақ» газетінің редакциясында жұмыс істейді. 1917-1918ж М.Шоқай, С.Кожановтармен бірге «Бірлік туы» газетін шығаруға қатысты. 1918-1919 жылдары Ташкент қаласындағы педагогикалық курста оқыды.
1919-1921 жылдары Түркістан халыққа білім беру жүйесінде, Орынбор қаласында мемлекеттік «Қазақстан» баспасында сарапшы болып қызмет атқарды. 1921жылы Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының тапсырмасы бойынша Бұхарадағы басмашылар қозғалысына жетекшілік етті.
1928 жылы халық жауы деп танылып , Батыс Сібірге 5-жылға жер аударылады кейін 1934-жылы Алматыға оралып, Оңтүстік Қазақстан облысы жаққа Капланбек ауылына қоныстанады. 1937 жылы тұтқындалып, ату жазасына ілігеді де атылады. 1958 жылы 25 ақпанда қайтыс болғаннан соң ақталады.
Болғанбаев Қайретдин Әбдірахманұлының құрметіне Астана қаласына және Қорғалжын ауданына аты берілген.
Мақсаты; жалпы оқырмандарға «Алаш» партисының мүшесі Қайретдин Әбдірахманұлы Болғанбаев туралы айтып таныстыру.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»