Оқиғалар мен іс-шаралар

«Туған жер»

10.01.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасында «Туған жер» арнайы жобасы аясында жерлесіміз І.Есенберлиннің 109 жылдығына арналған «Ұлы дала әншісі» атты әдеби сағаты өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды қазақ жазушысы І. Есенберлиннің шығармашылығымен таныстыру, оның шығармаларын оқуға ықпал ету. Кітапханашы қатысушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды, І.Есенберлиннің қазақ халқының тарихы туралы өзекті шығармалары туралы әңгімеледі, оқырмандар оның шығармаларынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ кітап көрмесі дайындалып, кітаптарға шолу жасалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»