Оқиғалар мен іс-шаралар
«Туған жерім Қазақстан»
2024 жылдың 21 мамырында Сепе ауылдық кітапханасында «Туған жерім Қазақстан» атты өлкетану бойынша әдеби шолу өткізілді. Оқырмандарға егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы, мемлекеттіліктің қалай жаңғырғандығы туралы кітаптар ұсынылды. Әлемге таныла бастады, Гимн, Ту, Елтаңба және тарихи ескерткіштер бейнеленген буклеттер оқушыларға таратылды. Мақсаты: оқушылардың туған жері, Қазақстан тарихы туралы көбірек білуге деген қызығушылығы мен құштарлығын дамыту, өз еліне, халқына мақтаныш сезімін тәрбиелеу.