Оқиғалар мен іс-шаралар

«Туып өскен өлкем қымбат»

11.10.2021 жылы Сочинское ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Туған жер» арнайы жобасы бойынша барлық топтардың оқырмандары үшін «Туып өскен өлкем қымбат»атты өлкетану сабағы өткізілді. Аталған іс — шараның мақсаты — туған ауыл тарихы туралы білімді кеңейту және тереңдету. Кіші отанның тарихи және мәдени мұрасы туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету, өскелең ұрпақтың бойында оған деген мақтаныш сезімін, оның жетістіктеріне құрмет сезімін тәрбиелеу. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды құрылу тарихымен таныстырып, Сочинское ауылы атауының шығуы туралы айтып, ауыл туралы бейнеролик пен фотосуреттер тамашалады. Сондай — ақ, «Туып өскен өлкем қымбат» атты тақырыптық сөре рәсімделді.

facebook

 

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»