Оқиғалар мен іс-шаралар

«Тың жерім -тағдырым»

15.03.24 жылы Новомариновка ауылдық кітапханасы тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған «Тың жерім -тағдырым » атты өлкетану сағатын өткізді.
Мақсаты: оқырмандарды тың және тыңайған жерлерді игеру үдерісі туралы бейнелі түсініктерін қалыптастыру, еліміздің өткеніне деген қызығушылықты ояту, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Кітапханашы әйгілі тың дәуірінің тарихы мен ерліктерін біртіндеп ашты. Л. И. Брежневтің кітабынан үзінділер оқыды. Оқырмандар тың туралы көптеген қызықты мәліметтерді білді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»