Оқиғалар мен іс-шаралар

«Қуаныш пен бақыт мерекесі»

01.06.2024 жылы Ново-Мариновка негізгі орта мектебінің педагогикалық ұжымымен бірлесіп Халықаралық Балаларды Қорғау күніне арналған «Қуаныш пен бақыт мерекесі» атты мерекелік-ойын бағдарламасы өткізілді.
Мақсаты: қуанышты, мерекелік, мейірімді атмосфера құру.
Ауылдың жас тұрғындары жаздың бірінші күнін өте көңілді қарсы алды. Іс-шара барысында көңілді музыкамен барлығы ойындар мен эстафеталарға белсенді қатысып, қызықты жұмбақтар шешті. Іс-шарада балалар әртүрлі тапсырмалармен станциялар арқылы қызықты саяхат жасады. «Ертегі» станциясында балалар сүйікті ертегілері бойынша викторина сұрақтарына жауап берді. «Спорт» станциясы бір-бірімен дәлдік пен ептілікпен жарысты. «Интеллектуалды» станциясы жұмбақтар шешті. «Музыкалық» станциясында әуендер табылып, әндер шырқалды.

 

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»