Оқиғалар мен іс-шаралар

«Жақсылық жаса»

2024 жылдың 1 қазанында Сепет ауылдық кітапханасында Қарттар күніне орай «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — қарт адамдардың мәселелеріне назар аудару және олардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосу. Бұл күні ата-әжелер өздерін жалғыз сезінбеуі және сыйлықтар алуы маңызды.

Акцияға қатысушылар денсаулығына байланысты мерекелік іс-шараларға қатыса алмаған қарттарды үйлеріне барып құттықтады. Ата-әжелерге сыйлықтар табысталып, оларға жылы лебіздер мен ұзақ ғұмыр тілектері айтылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»