Оқиғалар мен іс-шаралар

«Жаман әдеттерден аулақ болайық»

29.10.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасында салауатты өмір салтын тәрбиелеу бағдарламасы аясында «Жаман әдеттерден аулақ болайық» атты денсаулық сағаты өткізілді. Мақсаты: адам денсаулығы мен салауатты өмір салты деген ұғымды кеңейту. Салауатты өмір салтын насихаттау. Кітапханашы салауатты өмір салты туралы ойын түрінде әңгімелесті, балалардың дені сау және жігерлі болуының құпиясын ашты. Балалар пайдалы және жаман әдеттер туралы сұрақтарға белсенді жауап берді. Балалар дене шынықтыру туралы жұмбақтарды шешуге қатысты. Сондай-ақ, балалар «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты кітап көрмесімен танысты.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»