Оқиғалар мен іс-шаралар

«Жер бетіндегі ең жақсы қала»

2022 жылдың 5 шілдесінде Атбасар қаласының Орталық аудандық балалар кітапханасы №7 жалпы мектеп жанындағы лагерь балаларымен Қазақстан Республикасының Астана күніне арналған «Жер бетіндегі ең жақсы қала» атты әңгіме өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан астанасының пайда болу тарихымен таныстыру, патриотизмді қалыптастыру және мерекелік күнге назар аудару.
Кітапханашы Б. Омарова Астанамыздың пайда болу тарихы туралы әңгімелеп, «Ойлы болсаң – озып көр» атты викторина және әр-түрлі ойындар ойнатты. Балалар Астана күніне арналған өлең шумақтарын оқып, жүрекшелерге өз тілектерін жазды.
Жастар ресурстық орталығының әдіскері Назгүл Багусова балаларға тілегін айтып, тәтті сыйлықтар сыйлады, сондай-ақ «Еңсесі биік — Елорда» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»