Оқиғалар мен іс-шаралар
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
2024 жылдың 14 маусымында Полтавка ауылдық кітапханасы балалар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу аясында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тәрбиелік мәні бар әңгіме өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды зорлық-зомбылық түсінігімен, түрлерімен және себептерімен таныстыру; өз ісіне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Кітапханашы жиналған балаларға қатысты зорлық-зомбылық деген не, балаларды қорлаудың түрлері және физикалық зорлық-зомбылық, қатыгездік балаларға қалай әсер ететіні туралы айтып берді.