Оқиғалар мен іс-шаралар
«Зорлық — зомбылықсыз өмір»
09.02.2024 жылы Садовый ауылдық кітапханасы балалар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу аясында «Зорлық — зомбылықсыз өмір» атты сұрақ-жауап сағатын өткізді.
Мақсаты: адам құқықтары, зорлық-зомбылық және оның түрлері туралы білімдерін тереңдету.
Кітапханашы қатысушыларға зорлық-зомбылықтың не екенін, отбасындағы зорлық-зомбылықтың себебі не болуы мүмкін екенін, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қандай жаза қолданылатынын айтты.
Оқырмандарға балалар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жадынамалар табыс етілді.