Оқиғалар мен іс-шаралар

«Наурыз мерекесінің тарихы»

19.03.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасы Наурыз мерекесіне орай «Наурыз мерекесінің тарихы» атты танымдық сағатын өткізді. Мақсаты: Наурыз мерекесінің пайда болу тарихы туралы оқушылардың білімін кеңейту; отансүйгіштікке, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту. Кітапханашы оқырмандарды Наурыз мерекесінің тарихы мен аңызымен таныстырды. Бұдан кейін көктем мен Наурыз туралы жақсы тілектер мен өлеңдер айтылды. Балалар «Наурыз көктем мерекесі» әдеби викторинасына белсене қатысты. Барлық қатысушыларға тәттілер ұсынылды. Сондай-ақ, кітапханада оқырмандардың барлық топтары үшін «Наурыз мерекесінің тарихы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»