Оқиғалар мен іс-шаралар

«Анама, әкеме және ағама кітаптар оқимын»

15.05.2024 ж. Полтавка ауылдық кітапханасы, Халықаралық Отбасы күнінде отбасылық қатынастарды нығайту бойынша «Анама, әкеме және ағама кітаптар оқимын» атты әңгіме-шолу өткізді.
Іс-шараның мақсаты: отбасына, туыстары мен жақындарына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Іс-шараның басында кітапханашы қатысушыларға мереке туралы, отбасының адамгершілігі мен тәрбиесінде, оны нығайтуда кітаптар мен кітапхана қандай рөл атқаратыны туралы айтып берді. Кітап көрмесіне шолу жасалды.
Содан кейін балаларға Полтавка АҮМ-мен бірге ойын бағдарламасы өткізілді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»